top of page

Западно-Казахстанский областной филиал ДПК поздравил на дому более 50 ветеранов

11 мая 2014 года, ЗКО филиал ДПК «Ак жол»

Западно-Казахстанский областной филиал  ДПК «Ак жол» в преддверии празднования Дня Победы  и Дня защитника Отечества  провел множество военно-патриотических мероприятий. С 5 по 8 мая представители всех первичных партийных организаций филиала на дому поздравили более 50 ветеранов Великой Отечественной войны.

В офисе филиала 7 мая чествовали участников ВОВ, активно принимающих  участие в общественной жизни  города. Особо были отмечены члены военно  – патриотического клуба «Фронтовичка», который в этом году отмечает  свое 25-летие. Всем ветеранам были вручены подарки, организован концерт, показ видеофильмов. За праздничным столом ветераны рассказывали о военных годах, вспоминали павших в боях героев-однополчан.

9 мая более 200 членов партии были в одной колонне участников митинга  и возложения цветов  к Вечному огню на площади Победы. В этот же день члены областного Совета, активисты партии приняли участие в шествии политических и общественных организаций, а также в автопробеге в честь 69 – годовщины Победы

В подготовке и организации праздничным мероприятий активное участие приняли трудовые коллективы, возглавляемые членами областного  Совета: ТОО «ПСП «Серик», ТОО «Ак болу», ТОО «ТАРАЗ», ТОО «Магистраль»,  ПК «Домостроитель», ТОО «Ассоциация по поддержке малого и среднего бизнеса  «TATU» , ТОО «Батыс Сталкер»,  ТОО «Серик  Продакшн».

Елімнің тағдыры – менің тағдырым

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев мерзімінен бұрын өтетін Президент сайлауына қатысуға өз келісімін бергеннен кейін өзінің ең алғашқы сапарын Көкше елінен бастады. Бұл тегіннен-тегін емес.  Көкше өңірі  қазақ  мемлекетінің негізін қалаған ұлы хандардың бірі – Абылайдың және азаттық үшін күрескен Кенесары хандардың киелі мекені, қасиетті ордасы болған жер. Жаңа асуларға жол ашқан алғашқы елдік сапарын  осы өңірден бастағанын Елбасының өзі да жақсы ырымға балады. «Бурабай» спорт сарайында бес мың адамның қатысуымен   Ассамблея жылына арналып өткізілген алқалы жиында : «Менің бүгінгі сапарымның өзіндік маңызы бар.  Президенттікке өтетін сайлауға қатысуға өз келісімімді бергеннен кейін осы киелі жерге келуім мен үшін ерекше есте қалады» деді ол. Елбасының бұл сөзін он мың адамдық еңселі сарай тік тұрып, зор қошеметпен қабылдады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұрт алдында сөйлеген сөзінде елдік жайлы сыр ақтарды. Бірлігі жарасқан елдің еңсесі биік екенін баса айтты. Көп ұлтты елімізде осы ынтымақтың арқасында  биік белестер бағындырылды. Маңайымызға көз салсақ, тыныштық кеткен елдердің экономикасы құлдырап, қиындықтың ктеперішін көруде. Ал, біздің еліміз өзінің бірлігі арқасында бересі тасыған мемлекетке айналды.

Ол Ақмола жерінде жүзден астам ұлт өкілі жарасымды өмр сүріп жатқанын айта келіп, биылғы ассамблея жылына арнап 500-ге тарта іс-шара өткізуді жоспарлап отырғанын атап көрсетті. Ал, бұл облыс соңғы үш жылда ауыл шаруашылығының даму көлемін екі есеге арттырды. Өткен жылы 17 миллиард теңгенің 17 жобасы іске қосылса, биыл тағы осындай 20 жобаны жүзеге асыру көзделеді.

Президенттің тебірене айтқан сөздерін тыңдаған көкшелік қауым өз  Елбасына деген құрметі мен қошеметін көрсетті. Әр ұлттың өкілі өз дәстүрлеріне сай киініп, ұлттық әндерін әуелетіп, билерімен шашау шашты.  Қазақтың киелі шаңырағы астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлт өкілдері атынан сөз алғандар Президентке, елге деген шынайы ықыластарын танытты. Бұл  ел – қазақтың ырыс қонған кең жазира өлкесі ғана емес, барша ұлтты өз қанатының астына қондырып,  ырысын арттырып, берекесін келтірген  киелі  мекен.

Осылай Елбасы өзінің Көкшетау қаласында болған кезінде жаңа асуларды бағындыруға ден қойған жаңа бастамалар қолға алынатынын қадап айтты. Ел жақсы күндерді  күтеді. Жаһанда дағдарыс есік қағып тұрғанда, оны айналып өту де оңай емес. Елін ойлаған Елбасымыз барда, біздің биігіміз ешқашан аласармайды. Қайта алар асуымыз  биіктей береді. Елбасының да, елдің де үкілеген үміті осыған саяды.

Бақыт СМАҒҰЛ.

Ақжолдықтар Елбасыға қолдау білдіреді

Елордамыз – Астанада «Ақ жол» ҚДП кезектен тыс 12-інші съезі болып өтті. Онда ақжолдықтардың алдағы мерзімінен бұрын өтетін Президент сайлауындағы ұстанымы туралы мәселе қаралды. Алдымен сөз алған партия көшбасшысы Азат Перуашев бұл Президент сайлауының маңызына кеңінен тоқталды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақ елін әлемдік өркениетке көтерудегі еселі қызметіне ерекше тоқталды.  Бүгінде біз елдің экономикалық өрлеуін Елбасымен байланыстырамыз. Бұл жай айтылған сөз емес. Алғашқы тәуелсіщдік алған күннен бастап, «алдымен – экономика, сосын – саясат» деп Қазақстанның өзге елдермен терезесі теңелуі жолында қыруар қызмет істегенін ешкім жоққа шығара алмайды.

Ақжолдықтар көшбасшысы  құрылтайға жиналған партияластарының назар осыған аударды. Сондықтан, партия төралқасының алдағы сайлауда Елбасын қолдау жөніндегі ұстанымын қолдауға шақырды. Сөз алған шешендер бұл бастаманың қолдауға лайық екенін атап көрсетті. Бұл ретте төраға орынбасары Қазбек Иса, идеология жөніндегі хатшы Сәбит Байдалы және тағы басқалары өздерінің ойлы пікірлерімен бөлісті.

Осылайша съезд осы жылдың 26 сәуірінде өтетін Президент сайлауында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын ұсынып, қолдау жөнінде қаулы қабылдады. Ал, осы шараға байланысты съезд қатысушылары қабылдаған үндеуде барлық сайлаушыларды  Н.Ә.Назарбаевты қолдап, дауыс беруге шақырды.

Съезд отырысынан кейін партия басшылығы жергілікті жерден келген өкілдерімен кездесу өткізіп, пікір алмасты. Онда ашық әңгіме түрінде әртүрлі мәселелер көтерілді. Біздің Ақмола өңірі бойынша  облыстық филиал төрағасының орынбасары Бақыт Смағұл қазақ ұлтының мәселесі жөнінде арнайы бағдарлама жаасап, оған партия бастамашы болса деген ұсынысын жеткізді. Өйткені, бүгінде азаттық алдық десек те, әлі де болса, қазақ ұлтының әлеуметтік мәселелері толық шешілген жоқ. Әлем елдерінде мемлекеттің негізін құрайтын ұлттар басқалардан көш ілгері өмір сүреді. Ал біздің елімізде қазақтың тілін былай қойып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы өте төмен екенін жасыра алмаймыз. Мысалы, жабылған ауылдардан қала жағалаған тұрғылықты халық өкілдері үйсіз-күйсіз, басқаның пәтерін жалдап күй кешуде. Бұл баршаны алаңдатуға тиіс.

Ал, ақмолалық ғалым Жеңіс Темірхан өз пікірінде кешегі кеңес заманындағы тың игеру бағдарламсы сияқты жобалар жасап, оңтүстіктің қазақтарын солтүстікке қоныстандыру демографиялық мәселені оңтайлы шешуге ықпал етеді деді.

Міне, бұл мәселелер партия басшылығы тарапынан оң қабылданды. Бірақ, оны шешу қаржыға келіп тірелетіндіктен, партия мұны назарда ұстайтындықтарын жеткізді.

 

24 февраля 2015

Н.Жазылбеков встретился со студентами юридического факультета КазНУ им.аль-Фараби

23 февраля 2014 года, АГФ ДПК «Ак жол»

20 февраля 2015 года состоялась встреча депутата Мажилиса Н.А.Жазылбекова и представителей Совета Алматинского городского филиала ДПК «Ак жол» со студентами юридического факультета Казахского Национального Университета им.аль-Фараби. Встреча была посвящена разъяснению основных положений Послания Президента «Нурлы жол – путь в будущее».
            Н.Жазылбеков подробно ознакомил с основными положениями Послания Главы государства, дал разъяснения по вопросам развития науки, подготовки кадров и создания рабочих мест для выпускников – молодых специалистов, по поддержке малого и среднего бизнеса. Депутат рассказал о деятельности парламентской фракции, законотворческой работе, о поддержке партией инициативы Ассамблеи о досрочных президентских выборов.
        «Акжоловцы» ответили на вопросы студентов, связанные с прохождением учебной практики, вопросами развития правовой системы Казахстана. 

24 февраля 2015

Руководители Западно-Казахстанского областного филиала ДПК «Ак жол» провели лекции и уроки истории Ассамблеи народа Казахстана

 

6 февраля 2015 года, пресс – служба ЗКОФ  ДПК « Ак жол »

5 февраля 2015 года члены областного Совета ЗКОФ ДПК «Ак жол»», депутаты маслихата ЗКО Жанбырбаев Г.М., Мергалиев А.С., депутат городского маслихата Власов В.П., руководитель ЗКОФ ОО «Республиканский дунганский культурный центр» Каримов А.А., первый заместитель председателя филиала партии Идиятов К.С. участвовали в качестве спикеров на лекциях - презентациях в ВУЗах области, а также в общеобразовательных школах на единых уроках истории Ассамблеи народа Казахстана (АНК).
 

bottom of page