top of page

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы

съезіне қатысушылардың

үндеуі

 

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы өзінің құрылған сәтінен бастап елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысып келеді, көптеген өзекті мәселелер бойынша өз ұстанымы бар, жиі бастама көтеріп отырады.

Қазіргі сәттің маңызды күн тәртібі 26 сәуірге белгіленген кезектен тыс президент сайлауы болып табылады. Кеше, 11 наурызда, алдағы сайлауға қатысуға қазіргі Мемлекет басшысының кандидатурасын ұсыну туралы шешімі қабылданғаны белгілі.

Елдің, оның одан әрі дамуының мүддесін басшылыққа ала отырып «Ақ жол» партиясының съезі Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын ұсынуды толық қолдайды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Тұңғыш Президенттің басшылығымен қарқынды дамушы, экономикалық қуатты, саяси тұрақты мемлекет болып қалыптасты.

Елде ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісім қаматамасыз етілді.

Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі жылдан жылға өсіп келеді. Қазіргі жаһандық экономикалық дағдарыстың арта түскен қысымы, халықаралық күн тәртібінің күрделенуі жағдайында Қазақстанға күшті, жалпыұлттық көшбасшы жанында шоғырлану маңызды.

Нұрсұлтан Назарбаев елдің тәжірибелі әрі көреген басшысы ретінде өткен жылдың өзінде-ақ әлемдік дағдарыс жағдайында қазақстандық экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуге арналған «Нұрлы жол» бағдарламасын ұсынған болатын.

Біз Қазақстан көсбасшысына көрсетілген сенім мандаты елімізге осы күрделі кезеңнен сүрінбей өтіп, барлық қабылданған елді дамыту бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік беретініне сенеміз.

Қазақстан өзінің жалпыға ортақ мойындалған көшбасшысымен экономикалық қуатты, саяси тұрақты және әлемде үлкен беделге ие мемлекет құру жөніндегі өз жолын жалғастыратынына сенімдіміз.

 

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық

партиясының съезінде 2015 жылғы 12 мамырда,

Астана қаласында қабылданды

 

 

Обращение

участников съезда Демократической партии

Казахстана «Ақ жол»

 

http://akzhol.kz/ru/news/show/5587/118/121

  С момента своего создания Демократическая партия Казахстана «Ақ жол» активно участвует в общественно-политической жизни страны, имеет собственную позицию по актуальным вопросам, выступает со многими инициативами.

Важнейшей повесткой текущего момента являются внеочередные президентские выборы, намеченные на 26 апреля. Как известно, 11 марта принято решение о выдвижении кандидатуры действующего Главы государства для участия на предстоящих выборах. 

Руководствуясь интересами страны, её дальнейшего устойчивого развития, съезд партии «Ак жол» решительно поддерживает выдвижение кандидатуры действующего Главы государства Нурсултана Абишевича Назарбаева на пост Президента Республики Казахстан.

За годы Независимости Казахстан во главе с Первым Президентом состоялся как динамично развивающееся, экономически сильное, политически стабильное государство.

В стране обеспечен межнациональный мир и межконфессиональное согласие.

Из года в год растет признание Казахстана на международной арене.

Сейчас, в условиях нарастающего давления глобального экономического кризиса, усложнения международной обстановки, Казахстану важно иметь опору в лице сильного общенационального лидера.

Нурсултан Назарбаев, как дальновидный руководитель государства, в конце прошлого года выдвинул программу «Нурлы жол», призванную в условиях мирового кризиса обеспечить стабильный рост казахстанской экономики.

Мы уверены, что мандат доверия, оказанный лидеру Казахстана, позволит стране успешно пройти через этот сложный период в интересах дальнейшего развития страны.

Уверены, что Казахстан во главе с Лидером нации продолжит путь к построению экономически сильного, политически устойчивого и авторитетного государства.

 

Принято на съезде Демократической партии

Казахстана «Ақ жол» 12 марта 2015 года, г.Астана

 

bottom of page