top of page

​КАЗБЕКОВА Меруерт Айткажиевна

Секретарь Комитета по экономической реформе и региональному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан

НИКИТИНСКАЯ Екатерина Сергеевна
Секретарь Комитета по финансам и бюджету Мажилиса Парламента Республики Казахстан

 В соответствии со ст. 34 Конституционного Закона Республики Казахстан "О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов" и разделом VII Регламента Парламента Республики Казахстан 20 января 2012 года создана депутатская фракция

"АК ЖОЛ".

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы («Ақ жол» ҚДП) – Қазақстандағы саяси партия, өзін «сындарлы оппозиция» және ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» қозғалысының ізбасары деген ұстанымын айқындаған.

 

Әділет органдарында 2002 жылы 3 сәуірде тіркелген.

 

Партия 2004 жылғы Мәжіліске сайлауда ресми деректер бойынша 12,04 % дауыс жинады және  2 депутаттық мандат алды.

 

Партия 2007 жылғы Мәжіліске сайлауда 3,09 % дауыс жинады және парламентке өтпей қалды.

 

2005 жылдың басында «Ақ жол» ҚДП-да Демократиялық күштерді үйлестіру кеңесінде (ДКҮК) партияның қатысуына әртүрлі қөзқарастарға байланысты тең төрағалардың - бір жағынан Әлихан Бәйменов пен Людмила Жуланова - екінші жағынан Болат Әбілов, Ораз Жандосов және Алтынбек Сәрсенбаевтың арасында дау пайда болды. Жармахан Тұяқбай басқаратын ДКҮК-ті «Ақ жолдың» тек үш тең төрағасы – Сәрсенбаев, Әбілов және Жандосов  қолдады.

 

2005 жылы 15 наурызда  партияның жікке бөлінгені туралы ресми жарияланды. Съезд «Ақ жолдың»  тең төрағалар институтын жоюға қаулы етті, ал партияның бірыңғай төрағасы болып Әлихан Бәйменов сайланған болатын. Жікке бөліну  жаңа нағыз «Ақ жол» партиясын құруға әкелді – оған ең оппозицияшыл көшбасшылар: Болат Әбілов, Ораз Жандосов, Алтынбек Сәрсенбайұлы, Төлеген Жөкеев кетті.

2011 жылы 2 маусымда партияның Астанада өткен съезінде «Ақ жол» ҚДП төрағасы болып «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының басшысы Перуашев Азат Тұрлыбекұлы бірауыздан сайланды. Перуашев Азат Тұрлыбекұлының келуімен партия өз қызметінің ұйымдастырушылық, кадрлық, идеологиялық, зияткерлік негізіне түбегейлі өзгерістерді іске асырды және өзінің дамуының сапалы жаңа деңгейіне шықты. «Ақ жол» партиясына бизнес өкілдері белсенді кіре бастады.

 

2012 жылдан бастап «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракция болып есептелініп,  Мәжілісте депутаттық фракциясы бар.  

 

2012 жылдың сайлау қорытындысы бойынша партия сайлаушылардың 7,47 % дауысын жинады және 8 депутаттық мандатқа ие болды.

 

2016 жылдың сайлау қорытындысы бойынша партия 7 мандат алды.

 

«Ақ жол» ҚДП  облыстық орталықтарда 16 филиал және Астана, Алматы қалаларында,  Жезқазған, Семей, Түркістан қалаларында 3 өкілдіктері бар.
 

Партия мүшелерінің саны 255 800 адамды құрайды (2016ж. желтоқсан айына), олардың ішінде – 167 014 ер адам, 88 786 әйел адам.

"Ак жол" ҚДП фракциясы ҚР Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымында тіркелді – Парламент Мәжілісі Бюросында осыған тиісті шешім қабылданды (2016 жылдың 28 наурызындағы №3-VIБМ қаулы). "Ақ жол" ҚДП фракциясының құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының келесі депутаттары енді:

 

1. Әбсәтіров Кеңес Гарапұлы (Әлеуметтік-мәдени даму комитеті)

2. Барлыбаев Ерлан Хайланүлы (Аграрлық мәселелер комитеті)

3. Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы (Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті)

4. Еспаева Дания Мадиқызы (Қаржы және бюджет комитеті)

5. Қазбекова Меруерт Айтқажықызы (Экономикалық реформа және өңiрлiк даму комитетi)

6. Никитинская Екатерина Сергеевна (Қаржы және бюджет комитеті)

7. Перуашев Азат Тұрлыбекұлы - Фракция жетекшісі (Экономикалық реформа және өңiрлiк даму комитетi).

БАРЛЫБАЕВ Ерлан

Хайланович

Член Комитета по аграрным вопросам Мажилиса Парламента Республики Казахстан

ДЮСЕМБИНОВ Берик 

Салимжанович

Член Комитета по законодательству и судебно-правовой реформе Мажилиса Парламента Республики Казахстан

ПЕРУАШЕВ Азат Турлыбекулы

Руководитель депутатской фракции.

​Член Комитета по экономической реформе и региональному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан

АБСАПИРОВ Кенес

Гарапович

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан

ЕСПАЕВА Дания

Мадикызы

Член Комитета по финансам и бюджету Мажилиса Парламента Республики Казахстан

bottom of page